Алдағы күндері қандай ауа райы күтіп тұр?

Қазгидромет 15-17 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы. NEGE.  «Еліміздің барлық аумағында негізінен жауын-шашынсыз аязды ауа райын алып келген Сібір антициклоны шығыс бағытта жылжи бастайды. Оның артынан Солтүстік-батыс циклон ығысады. Елдің басым бөлігінде қар жауып, жаяу бұрқасын болады, сондай-ақ ауа температурасы жоғарлайды», - делінген хабарламада.