Алдағы күндері ауа райы күрт өзгеруі мүмкін

Қазақстан бойынша 6-8 ақпанға арналған ауа райы болжамы жарияланды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.

Нұр-сұлтан, NEGE.   «Атлантика аудандарынан келген кезекті белсенді циклон Қазақстанның басым бөлігінің ауа райын анықтайтын болады. Жауын-шашынмен (жаңбыр, қар), солтүстік жартысында жаяу бұрқасынмен ауа райының нашарлауы, сондай-ақ көктайғақ, тұман бүкіл республика бойынша байқалатын болады», - делінген хабарламада.

Кезеңнің соңына қарай Қазақстанның оңтүстік жартысына орталығы Түрікменстанның үстінде орналасқан антициклон жотасы әсер етеді. Атмосфералық процестердің тез өзгеруі бүкіл республика бойынша температуралық фонның ауытқуын тудырады.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр