Алдағы күндері ауа райы қандай болады?
Қазгидромет Қазақстандағы 17, 18 және 19 мамырға арналған ауа райы болжамын ұсынды.
Алматы, NEGE. Синоптиктер алдағы үш күнде Қара теңіз аймағынан қозғалатын циклон елдегі ауа райына әсер ететінін атап өтті.
"Осыған байланысты республиканың басым бөлігінде жаңбыр жауады. 18-19 мамырда оңтүстікте, оңтүстік-шығыста, 19 мамырда солтүстікте жаңбыр жауып, соңы бұршаққа ұласып, жел күшейеді. Оңтүстік-батыста шаңды дауыл соғады", - делінген хабарламада.