Алдағы күндері ауа райы қандай болады?
'Қазгидромет' РМК синоптиктері 31 наурызға, сондай-ақ 1 және 2 сәуірге арналған ауа райы болжамын ұсынды.
Алматы, NEGE. Болжам бойынша, еліміздің солтүстік аймақтарына Батыс антициклоны келеді. Антициклон әсерінен республиканың шеткі батыс және солтүстік өңірлерін қоспағанда, басқа өңірлерде жауын-шашын тоқтайды.
"Сондай-ақ, антициклон еліміздің барлық аумағында ауа температурасының көтерілуіне әсер етеді, бұл қазақстандықтарға нағыз көктемді сезінуге мүмкіндік береді. Күндіз батыста термометрлер 10 20 градусқа дейін, солтүстік пен шығыста 5 13 градусқа дейін, ал оңтүстікте 15 23 градусқа дейін жетеді", - делінген хабарламада.