Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Қазақстанда 40 градусқа дейін аптап және найзағай болады деп күтіледі. "Қазгидромет" РМК синоптиктері 26-28 тамызға арналған ауа райы болжамын ұсынды.

Алматы, NEGE. Метеорологтар мәліметінше, республиканың басым бөлігінен атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы болады деп болжанған: найзағай, бұршақ, жел және жаңбыр.

"Республиканың барлық аймақтарында температуралық фон салыстырмалы түрде тұрақты: батыста түнде 17...22, күндіз 30...38 градус жылы, солтүстікте түнде 7...18, күндіз 20 ...32 градус, республиканың орталығында және шығысында түнде 7 ... 18, күндіз 22 ... 35 градус, оңтүстікте түнде 15 ... 23, күндіз 32...40 градус аптап, оңтүстік-шығыста түнде 13 ... 22, күндіз 27 ... 37 градус ыстық", - делінген хабарламада.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанға Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған келді

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына Пентагоннан тағы 400 млн доллар сұрады

Қазақстанда құрбан шалу рәсімін қашықтан өткізуге арналған сайт іске қосылды

15 мамырда Парламент Палаталарының бірлескен отырысы өтеді