Алдағы күндері ауа райы қандай болады?
Қазгидромет Қазақстан бойынша 2021 жылғы 29-31 шілдеге ауа-райы болжамын жариялады.
Алматы, NEGE. Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуімен найзағай күтіледі.
30-31 шілдеде шығыста, 31 шілдеде оңтүстік-шығыста қатты жаңбыр жауады.
Тек еліміздің оңтүстік-батысы мен оңтүстігінде жауын-шашынсыз ауа-райы күтіледі.
Республиканың барлық аумағында ауа температурасы көтеріледі. Күндіз батыста, солтүстік-батыста 25-41, солтүстік пен шығыста 23-33, орталықта 25-37 градус болады.