Алдағы күндері 43 градусқа дейін аптап ыстық болады

Жаздың алғашқы күндері Қазақстанда ауа температурасы көтеріледі деп күтілуде. Кейбір өңірлерде 35 градустан жоғары аптап ыстық болады, деп хабарлайды Қазгидромет.

Алматы, NEGE.  «Солтүстікте, солтүстік-батыста күндіз 36, 41°С дейін, шығыста 28, 33°С дейін, орталықта 30, 39°С-қа дейін, оңтүстікте 37, 43°С дейін, оңтүстік-шығыста 37, 43°С дейін ыстық болады», - деп хабарлады синоптиктер.