Алдағы күндерге арналған ауа райы болжамы жарияланды

Қазақстан бойынша  2022 жылдың 26-28 шілдесіне арналған ауа райы болжамы жарияланды.

Алматы, NEGE. Қазгидрометтің мәліметінше, ел аумағында қатты ыстық ауа райы сақталады.

“Республика бойынша ауа райы тұрақсыз, жаңбыр жауады. 26 шілдеде батыста, 27-28 шілдеде елдің солтүстік-батысында, солтүстігінде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі” – делінген ақпаратта.

Сонымен қатар күндізгі уақытта республиканың батыс өңірлерінде ауа температурасының 25 35°С-тан 30 40°с-қа дейін көтерілуі күтіледі, ал елдің солтүстік-батысында, солтүстігінде ауа температурасының күндіз 30 35°С-тан 20 30°с-қа дейін біртіндеп төмендейді.

Қазақстанның орталығында ауа температурасы 30 38°С-тан 27 35°С-қа дейін төмендейді, елдің шығыс облыстарында болса ауа температурасы 22 32°С-тан 27 38°С-қа дейін көтеріледі. Ал Қазақстанның оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында өте қатты ыстық сақталады: 40 45°С.