Алдағы күндерге арналған ауа райы болжамы белгілі болды
Синоптиктер 20-22 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады.
Алматы, NEGE. Алдағы үш күнде Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз: қар, бұрқасын, желдің күшеюі 15-20, екпіні 23-28 м/с, еліміздің батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында – көктайғақ болады.
"Суық арктикалық ауа массалары әсерінен республиканың барлық аумағында ауа температурасы төмендейді, солтүстік-батыс, солтүстік, орталығында 15-28 градус аяз болады", - делінген хабарламада.