Алдағы күндерге арналған ауа райы болжамы жарияланды

Қазгидромет 22-24 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады.

Алматы, NEGE. Синоптиктердің мәліметінше, елімізде жел күшейіп, көктайғақ, тұман болады. Еліміздің солтүстігінде, шығысында және орталығында бұрқасын соғады.

"Түнде солтүстікте, шығыста және орталықта ауа температурасы 17-28 аязға дейін төмендейді", - делінген хабарламада.

Болжам бойынша алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын түседі. Солтүстік, орталық және шығыс облыстарда қар жауады.

22-24 қарашада республиканың оңтүстік-шығысында қатты жауын-шашын күтіледі.

23 қарашада шығыста қалың қар жауады.