Алдағы күндерге арналған ауа райы болжамы жарияланды
Қазгидромет 18-20 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады.
Алматы, NEGE. Синоптиктер кей өңірлерде ауа температурасының жоғарылайтынын хабарлады.
“Атлантикалық циклон жырасының ықпалымен және атмосфералық фронттардың өтуімен алдағы күндері республиканың басым бөлігінде, елдің оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда жаңбыр жауады, түнгі уақытта Қазақстанның солтүстік жартысында жауын-шашын жаңбыр мен қар түрінде күтіледі. Қазақстан бойынша желдің күшеюі болжануда, батыста, шығыста, елдің оңтүстік және оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда – тұман түседі”, – делінген ауа райы болжамында.
Республиканың басым бөлігінде ауа температурасы:
- батыста, солтүстік-батыста түнде 3-8-ге дейін, күндіз 10-20-ға дейін;
- солтүстікте түнде 2-7-ге дейін, күндіз 7-12-ге дейін;
- елдің орталығында 3-8 градус жылынады, күндіз 5-19 градусқа дейін жоғарылайды;
- шығыста түнде 5 градус аяз – 5 градус жылыдан 0-8 градус аязға дейін жоғарылайды, күндіз 5-13 градус жылы;
- оңтүстікте түнде 2-7-ге дейін, күндіз 10-20 градус жылы;
- оңтүстік-шығыста түнде 5 градус аяз - 5 градус жылы, күндіз 5-15 градусқа дейін төмендейді.