12 сентября 2022 г. 11:38

Алдағы күндерге арналған ауа райы болжамы жарияланды

Фото:

Синоптиктер Қазақстанда 2022 жылдың 13-15 қыркүйек күндеріне арналған ауа райы болжамын ұсынды.

Алматы, NEGE. Мамандардың хабарлауынша Қазақстанның солтүстік жартысына солтүстік-батыс суық антициклон әсер етеді. Республиканың батысында, солтүстік-батысында, шығысында, оңтүстік-шығысында атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен жаңбыр жауады, шығыстың таулы аудандарында, оңтүстік-шығыста түнде жаңбыр жаңбырдың соңы қарға ұласуы мүмкін.

"14-15 қыркүйекте шығыста қатты жаңбыр жауады. Республика бойынша жел күшейеді. Түнгі уақытта солтүстікте, солтүстік-батыста, орталықта, 15 қыркүйекте шығыста, Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда 3 градусқа дейін үсік күтіледі", - делінген "Қазгидромет" хабарламасында.

Тегтер: