Алдағы күндерге арналған ауа райы болжамы жарияланды

Қазгидромет синоптиктері 19, 20 және 21 шілдеге арнаған ауа райы болжамын жариялады.

Алматы, NEGE. Апта басында Қазақстан аумағының басым бөлігі солтүстік-батыс антициклон жотасы ықпалында болады.

"Содан кейін 20 шілдеден бастап - солтүстік-батыс циклон жырасының және атмосфералық фронталь бөліктердің ықпалында болады. Осыған байланысты еліміздің басым бөлігінде найзағай ойнап, жел күшейеді", - делінген хабарламада.