Алдағы күндерге арналған ауа райы болжамы

Синооптиктер 9-11 мамыр күндеріне арналған ауа райы болжамын ұсынды.

Алматы, NEGE. 9-11 мамыр күндері республиканың басым бөлігінде атмосфералық фронталды бөліктердің өтуімен күн райының құбылмалы сипаты сақталады – найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

«Атмосфералық қысымның жоғарылау фоны аталған кезеңнің басында Қазақстанның оңтүстік, орталық аймақтарына ашық және жауын-шашынсыз күн райын әкеліп, өз әсерін сақтайды. Бұл ретте ауа температурасының жоғарылау процесі жалғасады. Республика бойынша жел күшейіп, оңтүстік облыстарда шаңды дауыл соғады», - деді синоптиктер.

Қазір оқып жатыр

Ақтөбеде әкімдік ғимараты өртенді

«Бүгін түнде тұтас бір өркениет жойылады»: Трамп Иранға қатысты тағы мәлімдеме жасады

Тоқаев жұмыскерлердің еңбек құқығын күшейтуге қатысты заңға қол қойды

Астана әуежайында 15 сәуірден бастап рейстер кестесі өзгереді