Алдағы демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамы жарияланды

Қазгидромет 7-9 қаңтарға арналған ауа райы болжамын ұсынды.

Алматы, NEGE. Қазақстанның шығысында қалың қар жауады, ал оңтүстігінде жаңбыр мен қар, таулы аймақтарда қатты жауын-шашын болады.

Республиканың барлық аумағында бұрқасын, көктайғақ, батыста және оңтүстікте тұман түседі. 

"Бірақ 7 қаңтарда суық арктикалық антициклон елдің батысынан ауыса бастайды, онымен жауын-шашынның біртіндеп тоқтауы және батыста, содан кейін елдің қалған бөлігінде ауа температурасының күрт төмендеуі күтіледі. Термометр бағандары төмендейді: батыста, елдің орталығында 20-28 градус аязға дейін, солтүстік-батыста, республиканың солтүстігінде 25-33 градус аязға дейін, шығыста 5-13 градус аязға дейін, ал елдің оңтүстігінде 0-10 градус аязға дейін барады", - делінген хабарламада.