Алдағы демалыс күндері ауа райы қандай болады?

«Қазгидромет» РМК мамандары 18-20 қыркүйек аралығына арналған ауа райы болжамын ұсынды.

Алматы, NEGE.Солтүстіктен келген суық антициклон жауын-шашынның тоқтауына әсер етеді. Осылайша әуелі батыста, содан кейін республиканың қалған аумағында ауа температурасы төмендейді. Демалыс күндерінің басында ғана Қазақстанның солтүстік, шығыс және оңтүстік-шығыс өңірлерінде тұрақсыз ауа райы сақталады, жаңбыр жауып, жел күшейеді.

Республиканың батысында ауа температурасы түнде аздап жоғарылайды: 2 аяз – 10 жылудан 1-13, күндіз 13-20-дан 15-23 жылуға дейін алмасады. Елдің солтүстік-батысында, солтүстігінде және орталығында түнде термометр -3-тен 5 градусқа, күндіз 7-15 жылуға дейін өзгереді.

Шығыс өңірлерде түнде ауа температурасы 10-18 жылудан 2-10, күндіз 20-28-ден 10-18 жылыға дейін ауысады. Ал республиканың оңтүстігінде түнде 10-20, күндіз 25-30-дан 17-25-ке дейін жылынады.

Қазір оқып жатыр

Астаналықтар аурухана жанындағы құрылысқа қарсы петиция жариялады

Тоқаев пен Ердоған Мәңгілік достық туралы декларацияға қол қойды

Алматының Наурызбай ауданында ауаның ластануы мөлшерден бірнеше есе асып кеткен

Атырау облысының әкімдігі Индер көлін ерекше қорғалатын аумақтар тізімінен қалай шығартты