Алдағы күндері Қазақстанда жаңбыр жауып, күн суытады

Қазгидромет 14-16 сәуірге арналған күн райы болжамын ұсынды.

freepik.com

Астана, NEGE. Синоптиктердің болжамынша, алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде күн бұлтты болып, жауын-шашын болады. Солтүстік өңірлерде ауа температурасы нөлден төмендеп, жаңбырдың қарға ауысуы, көктайғақ құбылыстары болуы мүмкін.

Батыс өңірлерде бүкіл кезең бойы, 16 сәуірде оңтүстікте, 15–16 сәуірде солтүстікте және орталықта қатты жаңбыр, бұршақ және екпінді жел күтіледі. 14 сәуірге қараған түні шығыста қар аралас жаңбыр жауады деп болжанады.

Қазақстан бойынша тұман түсіп, жел күшейеді.

Ауа температурасы:

  • батыста түнде 2… 10°С, күндіз 10… 15°С-қа дейін;
  • солтүстікте түнде -2…-8°С, күндіз 0… 7°С-қа дейін;
  • оңтүстікте түнде 3… 13°С, күндіз 8… 18°С-қа дейін төмендейді.

Қазір оқып жатыр

Ақтөбеде учаскелік полицей қарт ананы 30 жыл көрмеген балаларымен қауыштырды

Алматыда дәрігерлер екі жастағы баланың басына кіріп кеткен қайшыны алды

Тоқаев ҰҚШҰ Бас хатшысы Таалатбек Масадыковты қабылдады

Трейдерлер Қытайға экспорттан шет қалғанын айтып, дабыл қақты