Алдағы күндері ауа райы 30 градусқа дейін көтеріледі

Синоптиктер 18 наурыз бен 20 наурыз аралығына арналған ауа райы болжамын жариялады. 

pixabay.com

Алматы, NEGE.  «Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша алдағы күндері ауа температурасы жоғарылайды: 

– республиканың солтүстігінде түнде -3 5°C, күндіз 5 16°C дейін;

– орталықта түнде -3 5°С, күндіз 5 20°С дейін;

– республиканың шығысында түнде -7 5°C дейін, күндіз 3 16°C дейін;

– батыста ауа температурасы түнде -5 5°С, күндіз 5 18°С дейін төмендейді;

– оңтүстікте және оңтүстік-шығыста ауа температурасы түнде 5 13°С, күндіз 22 30°С дейін көтеріледі.

«Республиканың басым бөлігінде жауын-шашынсыз күн ашық болады. Тек республиканың батыс, солтүстік-батыс және солтүстік облыстары ғана циклондық науаның ықпалында болады, онда жауын-шашын (жаңбыр мен қар) жауады, жел күшейеді, жолдар көктайғақ болады», – делінген хабарламада. 

Қазір оқып жатыр

Тоқаев ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинге көңіл айту жеделхатын жолдады

Автомектептерге қойылатын талаптар күшейтілмек: қандай өзгеріс енгізіледі?

Әлемде жанармай тапшылығына байланысты мыңдаған әуе рейсі тоқтатылып жатыр

Қазақстанда такси қызметіне қойылатын талап күшейтілді