Алдағы күндері 28 градусқа дейін аяз болады

Қазгидромет алдағы үш күнге ауа райы болжамын жариялады.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Қазақстанның басым бөлігінде солтүстік-батыс циклонының әсерінен ауа райы жауын-шашынды болады. Күн бұлтты болып, қар жауады.

30-31 қаңтар елдің шығысында, 31 қаңтар елдің солтүстігінде қалың қар жауып, боран соғады. Екпінді жел тұрып, тұман түседі.

30-31 қаңтар елдің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жаңбыр мен қар түрінде қатты жауын-шашын жауады, көктайғақ болады.

Республиканың батыс облыстарында ғана антициклон сілемі әсерінен ауа райы жауын-шашынсыз болады.

Түнгі уақытта елдің солтүстігінде, шығысында және орталығында ауа температурасы -20-28°C-қа дейін төмендейді, алайда 1 ақпанда күндіз термометр бағаны нөлдік белгіге дейін жақындайды.

Қазір оқып жатыр

«Біз мұнда отбасымызбен демаламыз»: Алматы облысында 12 мыңға жуық адам сенбілік өткізді

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды