Алда аяз келе жатыр

14 қаңтарда Қазақстанның төрт облысында ауа райы бұзылады, – деп хабарлайды «Қазгидромет» өкілдері.

Алматы, NEGE. 14 қаңтарда Батыс Қазақстан облысының кей жерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын болжанады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, кей жерлерде секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Оралда да ауа райы тұманды, желді болады.

ШҚО-да боран соғып, тұман түсіп, ауа температурасы 28-33 градусқа дейін төмендейді.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерінде тұман түседі. Ауа температурасы түнде 33-38 градусқа дейін төмендейді деп болжанады. Петропавлда аяз 35-37 градусқа дейін жетеді.

Қызылорда облысының кей жерінде тұман түседі. Солтүстік-шығыстан, шығыстан секундына 15-20 метрге дейін жел соғады.

Қазір оқып жатыр

Sulpak негізін қалаушының қызы компания үлесіне қатысты даулы мәселе көтерді

Еңбек министрлігі: Зейнетақы жинақтары кез келген уақытта алып жұмсайтын депозит емес

Нұрай Серікбайдың қазасы: күдікті жігіт ақыл-есі дұрыс деп танылды

Қазақстан халқының бірлігі күні Алматы облысында қалай тойланады?