Әліби Ыдырыс Чикагода UFC келісімшарты үшін айқасады

17 тамыз, жексенбі күні таңертең қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Әліби Ыдырыс (10-0) UFC-мен келісімшартқа қол жеткізу үшін маңызды жекпе-жекке шығады.

Sport.kz

Алматы, NEGE. The Ultimate Fighter (TUF) финалдық шоуы аясында ол америкалық спортшы Джозеф Моралеске (12-2) қарсы октагонға көтеріледі. Жекпе-жек АҚШ-тың Иллинойс штатындағы Чикаго қаласында өтетін UFC 319 турнирінде ұйымдастырылмақ.

Айта кетейік, бұған дейін қазақстандық спортшылардың ешқайсысы TUF жобасының жеңімпазы атанған емес. Сондықтан бұл айқас Әліби үшін тарихи мүмкіндіктің бірі болмақ.

Ал турнирдің басты жекпе-жегінде Ресей тумасы, қазір БАӘ атынан сынға түсетін Хамзат Чимаев (14-0) UFC орта салмақ чемпионы, оңтүстікафрикалық Дрикус Дю Плесимен (23-2) белбеу үшін кездеседі.

Қазір оқып жатыр

Дубай соты қазақстандық бизнесмендерге 950 мың доллар айыппұл салды

Астана тұрғынының пәтерінен 20 мың доллар мен зергерлік бұйымдар ұрланды

Қазақстанның мемлекеттік қарызы бір тоқсанда 400 млрд теңгеге жетті

Чемпиондар вагоны: қарағандылық бишілер желіні тәнті етті