5 декабря 2025 г. 12:10

Албанияда ЖИ-министр пара алу бойынша күдікке ілінді

Фото: oxu.az

Албанияның ЖИ-министрі Диелла пара алу күдігімен арнайы прокуратураның бақылауына алынды.

Астана, NEGE. Алдын ала болжам бойынша, Диелла «жол құрылысы тендерін оңтайландыру үшін» 14 биткоин көлемінде пара алған.

Тергеу мәліметі бойынша, Диелла пара алуды «стандартты операциялық процедура» деп санап, оны қылмыс деп есептемеген.

ЖИ-министр 1994-2024 жылдар аралығындағы мемлекеттік сатып алулар дерегін талдап, әр тендердің 10-15 пайызы белгісіз есепке аударылса, жобаны іске асыруға болады деген заңдылықты анықтаған. Адвокат алгоритм болса да, Диелланың кінәсі жоқ екенін айтты. Транзакция тек жүйені сынау үшін жасалған, ал физикалық денесі жоқ болғандықтан, ақша жұмсай алмайды.

Тергеу аяқталғанға дейін министр қызметін Casio калькуляторының ескі моделі атқарады. Үкімет оның «технологиялық жағынан жетілмегенін» атап өтті.