6 сентября 2023 г. 15:05
Албания Президенті Қазақстанға ресми сапармен келеді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 6-8 қыркүйекте Албания Президенті Байрам Бегай Қазақстанға ресми сапармен келеді.
Астана, NEGE. Сапар аясында екі ел басшылары ертең сауда-экономикалық, көлік-логистикалық, инвестициялық және гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты нығайту мәселелері бойынша келіссөздер жүргізеді.
Сонымен қатар президенттер халықаралық және өңірлік жағдайлар жөнінде пікір алмасады.