Алаяқтықтың жаңа түрі пайда болды – Полиция ескерту жасады

Соңғы уақытта қаскөйлер өздерін медицина мамандары ретінде таныстырып, WhatsApp-қа қоңырау шалуда немесе хабарлама жазуда, деп хабарлайды Полиция.

Фото: из открытых источников

Алматы, NEGE. «Сізге диспансерлеу, флюорографиядан өту ұсынылады. Ыңғайлы күнді таңдап, тіркелу үшін SMS-арқылы келген сандарды айтуды сұрайды.

Ешқандай жағдайда кодты айтпаңыз! Алаяқтар сіздің жеке кабинеттеріңізге қашықтан кіріп, дербес деректерді иемдену арқылы несие рәсімдей алады.

Бұлар бұрын банктің қауіпсіздік қызметкерлері немесе полиция қызметкерлері болып хабарласқан алаяқтар.

Осы туралы жақындарыңызға, әсіресе, егде жастағы адамдарға айтыңыз», – делінген хабарламада. 

Қазір оқып жатыр

Баян Алагөзова Меруерт Өтекешоваға пәтер сыйламақ

Ақтау теңіз портының бұрынғы басшысы сотталып, сот залында босатылды

Қазақстанда соғыс ардагерлерінің әрқайсысына 10 мың доллардан көмек берілді

Оралда өлім себебін жасырған сарапшы сотқа тартылды