Алаяқтық жасады деген күдікті Қазақстанның сұрауы бойынша Сауд Арабиясында ұсталды

Алаяқтық жасады деген күдікті Қазақстанның сұрауы бойынша Сауд Арабиясында ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция

Алматы, NEGE. Ер адамға Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында Қазақстан ІІМ Интерпол ұлттық орталық бюросының сұрау салуы бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің (Алаяқтық) 190-бабының 3-бөлігінде көзделген қылмысты жасады деген күдікпен халықаралық іздеу жарияланған еді,  деп хабарлайды Polisia.kz.

2018 жылдың жазында Алматы қаласында күдікті Өзбекстаннан көкөністер мен жемістерді жеткізу сылтауымен жергілікті тұрғындардың бірінің 5 млн теңге қаражатын иемденген.