Алаяқтар Imanbek-тің атынан криптовалюта сатып жүр

ТМД-дағы алғашқы «Грэмми» иегері қазақстандық DJ Imanbek-тің (Иманбек Зейкенов) есімін алаяқтар криптовалюта сату үшін пайдалана бастаған.

Алматы, NEGE. Бұл туралы Иманбек Instagram-да хабарлады. Ол Stories-те атынан криптовалюта сатып жүрген жалған парақшалардың скриншотын жүктеді. «Алданып қалмаңыздар. Бұл жалған», – деп жазды Иманбек. Еске салайық, жақында қазақстандық диджей Billboard Awards жүлдесінің иегері атанды. Иманбек Зейкенов Saint JHN-ның Roses әніне жасаған ремиксі үшін «үздік электрон ән» номинациясында марапатқа ие болды. Бұдан бөлек Иманбек тағы бір жүлдеге ие болды. Одан қалды жерлесіміздің 50 Cent-тің композициясына ремикс жасағанын да хабарлағанбыз.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстауда алғаш рет шала туған нәрестелердің көзіне күрделі ота жасала бастады

2024 жылғымен бірдей шықты. Ағайынды Тастекейлер былтыр НЕГЕ көтеріле алмады?

Денсаулық сақтау саласының үздігі Бақыт Түменова дүние салды

«Қайрат» бас бапкерімен қоштаса ма?