25 января 2022 г. 10:23

Алаяқтар актриса Құралай Анарбекованың атынан 900 мың теңге сұраған

Фото:

 Желіде танымал адамның атын жамылып, елден ақша сұрайтын алаяқтар көбейген.

Алматы, NEGE. Сондай алаяқтың арбауына актриса, кинопродюсер Құралай Анарбекова түсіп қалды. Әлдебіреу оның атын жамылып, таныстарынан ақша сұраған. Сомма да аз емес. Миллион теңгеге жуық. Анарбекова құқық қорғау органдарына жүгініп, күдіктілерді анықтамақ. 

«Сұмдық жағдай. Біреу менің фотомды пайдаланып, таныстарым мен достарыма хат жазып, қарызға ақша сұрауда. Бұл алаяқтар. Өтініш, алданып қалмаңыздаршы. Құқық қорғау органдарына жүгінуге ниеттімін. Бірақ дәл қазір барлығына ескертуім керек. Мен ешкімнен ақша сұрап жүрген жоқпын. Алаяқтардың өтінішін бұғаттаңыздар», –  деп ескертті актриса желідегі парақшасында. 
Оқырмандар алаяқтықтың бұл түрі кеңінен таралғанын атап өтті. Олардың арасында алданып үлгергендер де бар. 

 

Тегтер: