Алаяқтар Тоқаев пен БҰҰ Бас хатшысының бірге түскен суретін пайдаланған

Қасым-Жомарт Тоқаев пен БҰҰ Бас хатшысы Антонио Гутерриш. Фото: Ақорда 0 1 Әлеуметтік желілерде алаяқ брокерлер иемденіп кеткен ақшаны қайтаруға болатыны туралы жарнама тарады. Ол үшін 48 сағат уақыт қажет екен. Бұл фейк, деп жазады Stopfake басылымы.

Ақорда

Алматы, NEGE. Басылым мәліметіне сүйенсек, алаяқтар адамдарды тарту үшін жалған фотосуретті пайдаланған. Онда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен БҰҰ Бас хатшысы Антонио Гутерриш бейнеленген және "Интерполмен ынтымақтастықтың нәтижесінде алаяқ брокерлер ұсталды" деп жазылған.

Шындығында, бұл фотосурет Қазақстан президентінің ресми сайтынан алынған. Ол 2019 жылғы қыркүйекте Нью-Йоркте түсірілген. Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ-ның 74-сессиясында Антонио Гутерришпен кездесіп, Қазақстан мен БҰҰ одан әрі практикалық өзара іс-қимылының перспективаларын талқылаған.

Қазір оқып жатыр

Атырау облысында дронға ұқсас техниканың бөлшектері табылды

«Шаршап кеттім»: Еркебұлан Тоқтар жеңілістен кейін үзіліс алатынын айтты

Шымкентте дәріханалардағы егу бөлмелерінде 4 адам қайтыс болған

Екінші әйелін шәкіртіне берген Құрбанәлі Ахметке айыппұл салынды