Алаяқ 1 жылда 80 млн жымқырған

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қызметкерінің атын жамылған алаяқ ел азаматтарын 80 млн теңгеге тақырға отырғызды. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі 1-ші департаментінің аға тергеушісі Қайсар Баржақсынов айтты.

Алматы, NEGE. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет 2019 жылдан бастап 2020 жылға дейінгі аралықта Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктің қызметкері ретінде танысып, республика аумағында бірқатар алаяқтық әрекет жасаған азамат А. атты азаматқа қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады. Ол мемлекеттік басқару саласындағы мәселелерді оң шешу үшін азаматтарды алдап, 80 млн теңге сомасында ақша алды деген күдікке ілінді», - деді Қайсар Баржақсынов агенттіктің баспасөз қызметі алаңында өткен брифинг барысында. Оның айтуынша, ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жарияланбайды.

Қазір оқып жатыр

Жасанды интеллект дәуіріндегі кино: Қазақстанда халықаралық AI Film Festival өтеді

«Қызымды өзім қарсы алдым»: Төреғали Төреәлі жеті перзенттің әкесі атанды

Абай облысында жоғалып кеткен үш жасар баланы полицейлер ен даладан тапты

Астана емханасында емге бөлінген қаржы Италия сапарына жұмсалған