Алатауда алғашқы 5G базалық станциясы іске қосылды

Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Телекоммуникациялар комитеті жұмыс сапары барысында байланыс сапасын жақсарту және телекоммуникация қызметтерінің қолжетімділігін арттыру мәселелерін қарастырды.  

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Комитет өкілдері Алатау қаласы әкімдігі және байланыс операторларымен бірлесіп «Заречный» және «Жетіген» шағын аудандарында, сондай-ақ «Алматы–Қонаев» автожолына барды. Негізгі назар тұрақты сигналды қамтамасыз етуге және қала маңы мен шалғай аумақтарда байланыс қолжетімділігін арттыруға бағытталды.

Іс-шара аясында «Мобайл Телеком-Сервис» компаниясының бесінші буын (5G) желісінің алғашқы базалық станциясы іске қосылды. Жаңа станция желінің өткізу қабілетін арттырып, пайдаланушыларға жоғары жылдамдықты интернетке қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр