Алатауда аэротакси бағасы премиум таксимен шамалас болады

Alatau City Authority мемлекеттік қорының бас атқарушы директоры Алишер Абдыкадаровтың айтуынша, аэротакси қызметінің бағасы шетелдік тәжірибеге сүйеніп белгіленеді.

alataucity.project/Instagram

Астана, NEGE. Оның сөзінше, басқа елдерде аэротакси қызметінің құны шамамен әр шақырымына бір долларды құрайды. Қазақстанда да осыған ұқсас тариф енгізу жоспарланып отыр.

«Аэротакси бағасы қазіргі премиум санатты такси бағасымен шамалас болады. Оның басты артықшылығы – кептелісте тұрмай, бір нүктеден екінші нүктеге жылдам жетуге мүмкіндік беретіндігінде», – деді ол.

19 мамырда Alatau City-де Қазақстан мен Орталық Азия тарихында алғаш рет электр қуатымен жұмыс істейтін, тік ұшып-қонатын аппараттың (eVTOL), яғни аэротаксидің демонстрациялық ұшу сынағы өтті.

Әуеге жолаушыларға арналған AutoFlight Prosperity аппараты көтерілді. Ұшу аппараты бір ұшқыш пен төрт жолаушыға арналған. Аппарат сағатына 200 км-ге дейінгі жылдамдықпен және бір рет қуатталғанда 200 км-ге дейін ұша алады.

Қазір оқып жатыр

29 мамырда Алматыда қалдықтарды кәдеге жарату зауытының құрылысы басталады

Қазақстанда нотариустардың қызметін бақылау күшейтілмек

Астана әуежайынан ұшып кететін жолаушыларға бірқатар өзгеріс болатыны ескертілді

Конституциялық сотқа жүгіну кезіндегі мемлекеттік баж салығы алынып тасталмақ