Алатау жарық компаниясына айыппұл салынды

«Алатау Жарық Компаниясы» АҚ-на 4,6 млн теңге айыппұл салынды, деп хабарлайды Табиғи монополияларды реттеу комитеті.

 
Алматы, NEGE. Департаментінің мәліметінше, «Gorsvetgroup» ЖШС-ның өтініші бойынша «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ-на қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізілген.

Тексеріс нәтижесі бойынша «Табиғи монополиялар туралы» Заңның 26-бабы 2-тармағы 8 тармақшасы бұзылғаны анықталды.

Атап айтқанда, «Алатау Жарық Компаниясы» үлгілік шарттарға сәйкес реттеліп көрсетілетін қызметтердің әрбір түрі үшін тұтынушылармен жеке шарттар жасаспаған.

Осыған байланысты, ТМРБД-ның қаулысымен «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ-на «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодекстің 164-бабы 4-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартып, 4 млн 667 мың 200 теңгеге айыппұл салды.

Айта кетерлігі, департамент қаулысына қатысты Алматы қаласының Әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша Мамандандырылған ауданаралық сотына шағым түскен, алайда департамент қаулысы күшінде қалды.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанға Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған келді

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына Пентагоннан тағы 400 млн доллар сұрады

Қазақстанда құрбан шалу рәсімін қашықтан өткізуге арналған сайт іске қосылды

15 мамырда Парламент Палаталарының бірлескен отырысы өтеді