12 октября 2024 г. 9:00

Алатау театрының жаңа маусымы ашылды

Фото: almaty_akimdigi

2025 жылы көрермендерге композитор Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығына арналған музыкалық драма, Абайдың 180 жылдығына арналған «Атымды адам қойған соң» музыкалық-театрландырылған қойылымы ұсынылады

Алматы, NEGE11 қыркүйек күні «Алатау» дәстүрлі өнер театры VIII маусымының тұсауы кесілді. Театр биылдыққа көрермендерді жаңа премьераларды ұсынуымен, үздік фестивальдерге қатысуымен қуантты. Ашылу салтанатына  режиссёр Есләм Нұртазин  «Alatau FM radiosy» музыкалық комедиясын дайындаған еді. Қойылымға қатысты:
«Комедия көрерменнің жан дүниесін рахатқа бөлеп, әзіл арқылы өзекті мәселені қоғамға жеткізеді. Музыкалық қойылымда біз жоғары рейтинг үшін «ерлікке» баруға алып-ұшып тұратын кейбір маман иелерін көрсетеміз», – деді режиссер.