Алатау қаласында құны 800 млн долларлық іскерлік орталық салынады

Жобаның архитектуралық тұжырымдамасын америкалық SOM компаниясы әзірлеуде.

«Алатау» АЭА

Астана, NEGE. Үкіметтің баспасөз қызметінің хабарлауынша, премьер-министр Олжас Бектенов Алматы облысына жұмыс сапары аясында Алатау қаласында бой көтеретін Iconic Towers зәкірлік жобасын іске асыру барысымен танысты.

Кешенді салу туралы келісімге 2025 жылдың қыркүйегінде Мемлекет басшысының Қытайға мемлекеттік сапары аясында қол қойылған. 

Инвестиция көлемі 800 миллионнан асатын кешеннің жалпы ауданы 276,8 мың шаршы метр болады. Оған екі мұнара, кеңселер, пәтерлер, қонақ үй мен сауда орындары кіреді. 

Жобалық-сметалық құжаттама 2027 жылдың сәуіріне дейін аяқталады деп жоспарланып отыр.

Ал құрылыс жұмыстарын биыл мамырда бастап, 2029 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланған.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстауда алғаш рет шала туған нәрестелердің көзіне күрделі ота жасала бастады

2024 жылғымен бірдей шықты. Ағайынды Тастекейлер былтыр НЕГЕ көтеріле алмады?

Денсаулық сақтау саласының үздігі Бақыт Түменова дүние салды

«Қайрат» бас бапкерімен қоштаса ма?