Алатау қаласында 1,8 млрд теңгенің жер телімдері мемлекетке қайтарылды

Алатау қаласы құрылғаннан бері прокуратура жер ресурстарын қорғау бағытында белсенді жұмыс жүргізіп келеді.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Тексеру барысында кейбір жер учаскелері заңсыз түрде Қараой ауылдық округінен Байсерке ауылдық округіне ауыстырылғаны анықталды.

Прокурордың талап-арызы бойынша бұл учаскелер мемлекет қорына қайтарылды. Жалпы ауданы – 66,5 га, кадастрлық құны – 1,8 млрд теңге.

Қазіргі уақытта тағы бір іс сотта қаралуда. Оның ауданы – 3,4 га, құны – 96,9 млн теңге. Сонымен қатар прокуратура жалпы ауданы 236 га, кадастрлық құны 5 млрд теңге болатын 21 жер учаскесінің заңсыз берілгенін және бір бөлігінің ұзақ уақыт бойы нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмағанын анықтады.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр