Alatau City-де Орталық Азиядағы алғашқы аэротакси сынақтан өткізілді

19 мамырда Alatau City-де Қазақстан мен Орталық Азия тарихында алғаш рет электр қуаты арқылы тік ұшып-қонатын аппараттың (eVTOL), яғни аэротаксидің демонстрациялық ұшу сынағы өтті.

aaag.kz

Астана, NEGE. Әуеге жолаушыларға арналған AutoFlight Prosperity аппараты көтерілді. Ұшу аппаратының ішіне бір ұшқыш пен төрт жолаушы сыяды. Аппарат сағатына 200 км-ге дейінгі жылдамдықпен бір рет қуатталғанда 200 км-ге дейін ұша алады.

Ұйымдастырушылардың мәлімдеуінше, аппарат 13 электр қозғалтқышымен жабдықталған. Prosperity атмосфераға көмірқышқыл газын бөлмейді және дәстүрлі көлік түрлеріне қарағанда әлдеқайда тыныш жұмыс істейді. Мысалы, жүк көлігі шамамен 80 децибел (dB), жеңіл автокөлік 70 dB шу шығарса, eVTOL аппаратының дыбыс деңгейі небәрі 65 dB болады. Бұл сауда-ойын-сауық орталығындағы шу деңгейімен шамалас. 

Іс-шараны қазақстандық Alatau Advance Air Group Ltd. (AAAG) жеке компаниясы Қытай, Оңтүстік Корея, Италия және АҚШ-тағы халықаралық серіктестерімен бірлесіп ұйымдастырды. Жоба толықтай жеке инвестициялар есебінен іске асырылып отыр. Қалалық әуе мобильділігін дамытуға шамамен 300 млн АҚШ доллары көлемінде жеке инвестиция құйылған.

«Қазіргі таңда eVTOL технологияларының даму деңгейі электромобильдердің 10–15 жыл бұрынғы кезеңіне ұқсас. Қазақстан бұл өзгерістерге алғашқы кезеңде қосылып отыр, сондықтан біз Alatau City-ді болашақтағы аэротакси жүйелерін тестілеуге арналған маңызды орталықтардың бірі деп санаймыз», – дейді AutoFlight өкілдері.

Alatau City-де аэротаксиден бөлек, жеткізуші дрондар мен сандық навигация жүйесін дамыту жоспарланып отыр. Ол үшін арнайы алаңдар – вертипорттар салынбақ. Олардың әуежайлардан айырмашылығы – вертипорттарды қаладағы ғимарат шатырларына, көлік жолдарына және бизнес-кластерлерге орналастыруға болады.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев жануарларға жауапкершілікпен қарауға қатысты заңға қол қойды

Қазақстан бойынша Айт намазының кестесі жарияланды

Қазақстандықтар Жан Байжанбаев бастаған бірнеше актерді қамауға алуды талап етті

«Тарихты жеңімпаздар жазады» деген қағидаттың ғылымға қарсы сипатын ұмытпаған жөн – Тоқаев