Алашорда үкіметінің құрылғанына 105 жыл толуына орай этнофестиваль ұйымдастырылды

БҚО-ның Сырым ауданында Алашорда үкіметінің құрылғанына 105 жыл және Алаш қайраткері, дәрігер, педагог Халел Досмұхамедовтың туғанына 140 жыл толуына орай «DALAGER» аймақтық этнофестивалі мәресіне жетті, деп хабарлады ҚазАқпарат.

Алматы, NEGE. Алғаш рет ұйымдастырылған этнофестивальға өңірдің қала мен аудандарынан бөлек, көршілес Атырау облысының Қызылқоға ауданынан барлығы 12 команда қатысып, дәстүрлі әншілер, айтыскер ақындар мен балуандар сынға түсті.

Фестивальді ұйымдастырушылардың сөзіне қарағанда, далагер – рухы еркін, ойы азат, ұлы даланың өмірін, кәсібін, өнерін толық игерген тұлға.

Этнофестиваль дәстүрлі ән, айтыс және қазақ күресі бойынша нағыз мықтылардың анықтады. Балуандар, ақындар, әнші-термешілер –өзара бақ сынасып, жиылған жұртты қызыққа бөледі.