«Алашорда» деректі фильмі желіде көрсетілді

Белгілі режиссер Қалила Омаровтың "Алашорда" деректі фильмі желіде көрсетілді.

Алматы, NEGE. Қалила Омаровтың «Алашорда» деректі фильмі желіде жарияланды, деп хабарлайды «Қазақфильм» компаниясы. «2009 жылы түсірілген Қалила Омаровтың «Алашорда» деректі фильмінде көрнекті ғалымдар, мемлекет, қоғам қайраткерлері, тарихшылар мен жазушылар Алаш автономиясының құрылуы мен Алаш қозғалысының 1905 жылдан бергі қоғамдық-саяси қызметі туралы баяндайды. Тарихнамалық материалдар сол дәуірдің бейнесі мен кейбір аңызға айналған тұлғалардың тағдырын көпке беймәлім қырынан ашады», делінген «Қазақфильмнің» Instagram-дағы парақшасында.

Еске сала кетсек, 1917 жылдың 12 желтоқсанында, Орынбор қаласында өткен 2-жалпықазақ съезінде Алаш Орда үкіметін құрылғаны жарияланған болатын. Жалпықазақ съезі 5-13 желтоқсан аралығында өтті. Либералды демократизм, қазақ халқының мүддесін қорғау - Алаш партиясының саяси платформасын өзгелерден гөрі биікке көтеріп тұрды.

Қазір оқып жатыр

Олжас Бектенов Алматы тау кластері мен Almaty Superski жобаларын жүзеге асыру қарқынын жеделдетуді тапсырды

Жамбыл облысында жасөспірімдерді өз-өзіне қол жұмсауға итермелеген не жағдай?

Қызылордада «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында кезекті ауқымды шара өтті

«Әлеуметтік желі арқылы нұсқау берілген»: Алматыда оқушы қыз мектепке балта алып барған