«Алаш» қайраткерлеріне арналған мурал ашылды

Павлодарда студенттер үйінің қабырғасына «Алаш» қозғалысының көшбасшыларының муралы салынды.

Алматы, NEGE. Павлодар қалалық әкімдігі өкілдерінің айтуынша, муралдың авторы жас суретші Лаура Сейтқазинова. Ол 29 жасқа толмаған талантты суретшілер арасындағы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы тақырыбында «Стрит Art» үздік эскиз байқауында жеңімпаз атанған.

Павлодар педагогикалық университетінің тәрбие ісі және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректоры Ольга Андрющенко Павлодар қаласы әкімдігінің өкілдеріне студенттер үйінің ғимаратын муралды бейнелейтін орын ретінде таңдағаны үшін алғыс айтты.

«Алаш» сыйлығының иегері, ақын, қоғам қайраткері, Павлодар қаласының құрметті азаматы Арман Қани Керекуде ашылған муралдың – өнер туындысы ғана емес, саяси идеологиялық мәні зор көрнекі құрал болып табылатынын айтты.

Қазір оқып жатыр

Президент бірыңғай QR жүйесіне қосылмаған ірі банктерді сынға алды

Елімізде мал басын көбейтуге 6% мөлшерлемемен жеңілдетілген несие беру басталды

Астанада блогер Жанабыловтардың соты басталды

Қазақстанда қай өңірдің тұрғындары шетелге көбірек көшіп жатыр?