Алаш арыстарына ескерткіш орнатылады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алаш арыстарына ескерткіш орнатылатынын айтты, - деп хабарлайды Ақорда.

Алматы, NEGE. Тоқаев ұлт мүддесіне қызмет еткен көрнекті қайраткерлерге ескерткіш қою - тарихи тұлғаларымызға шынайы құрмет көрсету деген пікір білдірді.

«Осыған байланысты Президент жақын күндері Алаштың үш арысы – Әлихан Бөкейханға, Ахмет Байтұрсынұлына, Міржақып Дулатұлына, ғұлама ғалым Қаныш Сәтбаевқа және басқа да көрнекті тұлғаларға арналған ескерткіштер ашылатынын айтты», – делінген хабарламада. 

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын келе жатқан Елорда күнімен құттықтады.