Алапат өрттен жердің бір бүйірі қызарды

Австралия құрлығы өрт құшағында қалды

Алматы, NEGE. Австралияда 30 желтоқсаннан басталған орман өртінен тағы сегіз адам құрбан болғаны анықталды. 28 кісі хабар-ошарсыз кеткен. Бұл туралы ABC News хабарлады. Өрттің салдарынан Австралияда ауа температурасы айтарлықтай көтерілген. Жағажайлардағы оттан қашқан мыңдаған адамдар әскери кемелермен эвакуацияланды. Қаза болғандардың жалпы саны 19-ға жетті. Өрт шамамен 5 миллион гектар жер мен 1,4 мыңнан астам үйді жалмаған. Қатты жел өртті ушықтырып, жағдайды күрделендіріп жіберген. Австралия үкіметі төтенше жағдайға 13,9 миллион АҚШ долларын бөліп, өрт сөндіру ісіне 3 мыңнан аса әскерилерді жұмылдырды.  Жапонияның метеорологиялық Himawari-8 спутнигі түсірген мына суреттен жердің бір бөлігі қызарып кеткенін байқауға болады.

Қазір оқып жатыр

Небәрі 29 жоба және 11 қылмыстық іс: Тоқаев Ғылым қорын сынға алды

Астанада Тасмағамбетов кезінде басталған көшенің «жыры» әлі бітпеген

Шымкентте жоғарғы сынып оқушысы өзінен кіші баланы тепкілеп кеткен

Жас балалары бар жалғызбасты ата-аналарды жұмыстан шығаруға тыйым салынбақ