Алан Құрманғалиев үстел теннисінен халықаралық турнирде қола жүлде иеленді

Қазақстандық Алан Құрманғалиев Словакияда үстел теннисінен өткен WTT Youth Contender Senec халықаралық турнирінде қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Оlympic.kz

.

Алматы, NEGE. А.Құрманғалиев 19 жасқа дейінгі спортшылар арасында үздік өнер көрсетті. Ол Джамдиэль Торрестен (Пуэрто-Рико), Михал Вандаховичтен (Польша), Степан Брхельден (Чехия), Рохелио Кастродан (Мексика), Андре Бертельсмайерден (Германия) басым түсіп, үшінші орын алды.
Сондай-ақ аталған турнирде Қазақстанның тағы бір өкілі - Санжар Жұбанов үш рет жеңіске жетіп, 1/8 финалға өтті.

Қазір оқып жатыр

«Біз мұнда отбасымызбен демаламыз»: Алматы облысында 12 мыңға жуық адам сенбілік өткізді

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды