Алан Құрманғалиев үстел теннисінен екі медаль жеңіп алды

Алан Құрманғалиев Оманда үстел теннисінен өткен халықаралық турнирде екі медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Алматы, NEGE. Әлемдік үстел теннисінің (WTT) жасөспірімдер кезеңі бойынша өткен бәсекеде отандасымыз алтын және күміс жүлдеге қол жеткізді. 

Атап айтқанда, 17 жасқа дейінгі спортшылар арасында күміс медальға ие болса, 15 жасқа дейінгі спортшылар арасында топ жарып, үздік атанды.

Айта кетерлігі, жарысқа барлығы 17 елден спортшы қатысты.

Қазір оқып жатыр

«Газ баллонын ашып, әдейі өрт тұтатқан»: Шахтинскідегі жарылыстың мән-жайы айтылды

Ақмола облысында шахтада заңсыз алтын іздеуші қаза тапты

Трамп Иранның электр станцияларына соққы жасауды бес күнге кейінге қалдыруды тапсырды

Тоқаев Иранның БАӘ аумағын бомбалауына алаңдаушылық білдірді