Алан Құрманғалиев үстел теннисінен 1/8 айналымына шықты

Польшада үстел теннисінен WTT Youth Star Contender ірі халықаралық турнирі басталды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Алматы, NEGE.  Аталған сынға Австрия, Бельгия, Египет, Испания, Қазақстан, Перу, Польша, Литва, Ресей, Румыния, Сингапур, Словакия, Чехия, Франция, Хорватия, Швеция және Жапониядан спортшылар қатысуда. 

Қарағандылық Алан Құрманғалиев топтағы үш ойында да жеңіске жетті. Ол ливалық Игнас Сисановасты 3:0, швециялық Давид Бьоркурдты 3:0, польшалық Виктор Клагты 3:0 есебімен ұтты. 

Енді ол турнирдің 1/8 айналымында австриялық Петр Ходинмен кездеседі. 

Қазір оқып жатыр

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр

Байқоңырдан «Союз-5/Сұңқар» зымыран-тасығышы алғаш рет ұшырылды