2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы жалпыұлттық аза тұту күні 25 сентября 2026 года – День общенационального траура в Республике Казахстан

Алан Құрманғалиев үстел теннисінен Қытайдағы турнирдің қола жүлдегері атанды

Үстел теннисінен Қазақстан құрамасының өкілі Алан Құрманғалиев Қытайдың Бейжің қаласында өтіп жатқан China Youth Smash турнирінде қола жүлдеге қол жеткізді.

ҰОК

Алматы, NEGE. Алан жарыстың жартылай финалына дейін жетіп, жастар арасында екі дүркін әлем чемпионы қытайлық Вен Жуйбомен кездесті.

Бұл матч 4:0 есебімен қарсыластың пайдасына аяқталды. Осылайша Құрманғалиев турнирді қола медальмен аяқтады.

Айта кетейік, 1/4 финалда қазақстандық спортшы жастар арасында әлем чемпионы Ли Хеченді 4:3 есебімен жеңген болатын.