Алакөлдегі демалыс орындары жабылады

Шығыс Қазақстан облысында 23 шілдеден бастап Алакөл көлінің демалыс орындарында демалушыларды қабылдау тоқтатылды, деп хабарлайды Үржар ауданының бас мемлекеттік санитар дәрігері.

Алматы, NEGE.  Қаулыда 2020 жылдың 23 шілдесіне дейін келген келген демалушыларға демалыс базасында жолдамада көрсетілген мерзім аяқталғанға дейін демалуға рұқсат етілгені хабарланған.

Шектеу шараларының режімі мен мерзімі аудан аумағында коронавирус инфекциясының таралу жағдайына қарай өзгеруі мүмкін.

Үржар ауданының әкімі мен аудандық полиция бөліміне 23 шілдеден бастап Алакөл көлінің туристік-рекреациялық аймағына кіретін жолды жабу және су қоймасына апаратын автожолда мобильді бекет жұмысын қамтамасыз ету мен қоғамдық құқықтық тәртіпті сақтау үшін күнделікті күзету тапсырылды.

Қазір оқып жатыр

Құрылтай депутаттарына жеке мәселелерді мінберден айтуға тыйым салынбақ

Роман Скляр Президент Әкімшілігінің басшысы болып тағайындалды

Байбек басқаратын компания Ақмола облысында тау-кен байыту комбинатын іске қосты

Жапония Қазақстан мұнайына қызығушылық танытты