Алакөл жағалауында демалуға тыйым салынды
Үшарал қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің орынбасары Әбікенов Алакөлдің жабдықталмаған жағажайларына демалуға тыйым салатын қаулыға қол қойды.
Алматы, NEGE. «Туристік орталықтардан, демалыс үйлерінен, курорттық санаториден алдын ала орын брондаған азаматтардан басқа адамдарды Алакөл көлінің жабдықталмаған жағажайларына өздігінен жүруге тыйым салынады», делінген қаулыда.
Көлге апаратын жолдарға блок-бекеттер қойылып, онда күнделікті кезекшілер тұрады. Жарлық 24 шілдеде өз күшіне енді. Шығыс Қазақстан облысы жағында Алакөлге демалуға толықтай тыйым салынған.