2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы жалпыұлттық аза тұту күні 25 сентября 2026 года – День общенационального траура в Республике Казахстан

Алакөл үстінде дельтапланмен рұқсатсыз ұшқан кәсіпкер жауапқа тартылды

«Достық» көлік прокуратурасы «SKYPPER 912» дельтапланы иесінің әрекетінде бұзушылықтарды анықтады, ол тиісті рұқсатсыз демалушыларға Алакөл үстінде ақылы ұшуды ұсынған. 

Прокуратура

Алматы, NEGE. Прокуратураның бастамасымен Алматы қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша мамандандырылған ауданаралық сотында кәсіпкерді әкімшілік жауаптылыққа тарту мәселесі қаралды.

Сот дельтаплан иесін Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану тәртібін бұзғаны үшін Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекстің 563-бабының 2-бөлігімен кінәлі деп тапты. Оған 55380 теңге айыппұл салынып, ұшу аппараты мемлекет пайдасына тәркіленді.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың жазында Алакөл көлінде аталған дельтапланның қатысуымен апат орын алып, соның салдарынан екі адам жарақат алған. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 344-бабының 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс тараптардың татуласуына байланысты тоқтатылды.