Алабама штатындағы шіркеуде атыс болып, 2 адам қаза тапты

АҚШ-тың Алабама штатындағы шіркеуде атыс болып, салдарынан екі адам қайтыс болды. Тағы біреуі жарақат алды, деп хабарлайды inbusiness.kz жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап.

Алматы, NEGE. Оқиға Джефферсон және Шелби округтерінде орналасқан Веставия-Хиллз қаласындағы Сент-Стефанның епископтық шіркеуінде болды. 

Қаскөй діндарлардың жиналысы өтіп жатқан кезде кіріп,оларға оқ жаудырды. Үш адамға оқ тиді. Олардың екеуі қайтыс болды. Үшіншісі қазір ауруханада ем қабылдап жатыр. 

Күдіктінің аты-жөні жарияланған жоқ. Оны полицейлер қамауға алды. Оның не себепті мұндай қадамға барғаны белгісіз.

Маусым айының басында Висконсин штатындағы Расин қаласының Грейсланд зиратында жанында өткен жерлеу рәсімі кезінде ер адам жиналғандарға оқ атып, екі адам жарақат алған болатын.

Қазір оқып жатыр

Роман Скляр Президент Әкімшілігінің басшысы болып тағайындалды

Байбек басқаратын компания Ақмола облысында тау-кен байыту комбинатын іске қосты

Жапония Қазақстан мұнайына қызығушылық танытты

Қазақстандағы шетелдік университеттер «Қазақстан тарихы» мен «Қазақ тілі» пәндерін оқытуға міндеттеледі