Балабақшалардағы санитарлық талап қатаңдатылды
Алматыда соңғы жеті күнде коронавирусты жұқтыру көрсеткіші 3,8 пайыздан асқан жоқ. Дегенмен карантин талаптарын әлі сақтау керек. Бұл туралы қаланың Мемлекеттік бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин мәлімдеді.
Алматы, NEGE. Қазір балабақшаларда жұмсақ ойыншықтарды қолдануға болмайды. Топтағы балдырғандардың саны да 50 проценттен аспауы керек. Төсектердің арасы кем дегенде бір метр қашықта тұруы тиіс. Тәрбиешілер медициналық бетпердемен жүреді. Аяғы ауыр әйелдер мен 65 жастан асқан адамдарға балаларды балабақшаға әкелуге тыйым салынды.
Қалалық мемлекеттік бас санитарлық дәрігер Жандарбек Бекшин: "Он бес минутқа дейін бөлмені желдету керек. Және де екі рет ойыншықтарды және де балалар ұстайтын орындарды, есіктің тұтқаларын бәрінде дезинфекция жасау керек" деді.